«БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА ШЫНДЫҚ»
2024 жылғы 22 тамызда Астана қаласында өткен мұғалімдердің республикалық тамыз саммиті аясында «БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА ШЫНДЫҚ» атты республикалық секциялық отырысы өтті. Осы жиында «Жас ұрпақ» КМҚК басшысы Қойсоймасова А.Қ. «Павлодар облысының жасөспірімдер үйінің түлектерін жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы қоғамға интеграциялау тәжірибесі» атты баяндама жасады.
Айжан Қайыргельдиновна өз баяндамасында «Жас ұрпақ» КМҚК-ның педагогикалық ұжымының қызметі тәрбиеленушілердің тұлғасын заманауи әлеуметтік ортаға тиімді бейімдеу және әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Тәрбиеленушілерді жұмысқа орналастыру, оларды баспанамен қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Облыста тәрбиеленушілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін тиімді шешу үшін «Киелі шаңырақ» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба педагогтерге тәрбиеленушілерде өз баспанасын алу және оны жақсы күту қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыратын сабақтар жүйесін ұсынуға бағытталған. Тұрғын үйді әлеуметтік қамсыздандыру арқылы ғана емес, өз күшімен де алуға болады деген түсінікті нақтылау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тәрбиеленушілеріміз «Отбасы Банкі» АҚ-да алимент, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы арқылы өз қаражатын жинақтайды, бұл өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді. Жобаның нәтижесі келесі көрсеткіштер болып табылады: 2019 жылдан бері 19 тәрбиеленуші «Отбасы Банкі» АҚ-да жинақталған қаражатына жеке тұрғын үй сатып алды. Жұмыстың келесі басым бағыты тәрбиеленушілерді жұмыспен қамту болып табылады, өйткені бұл қоғамда табысты әлеуметтену факторларының бірі болып табылады. Жастар үйінің тәрбиеленушілерін өз мамандығы бойынша жұмысқа дайындау және оқушылардың одан әрі жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жеңімпаз болашақ» жобасын жүзеге асырудың тиімділігін атап өткім келеді. Кәсіпорындардағы тәрбиеленушілеріміз өндіріс процесіне тікелей араласып, еңбектерінің түпкі нәтижесін көріп, білімі мен біліктілігіне сенім ұялатады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын студенттердің 75 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады, бұл әлеуметтік серіктестіктердің, біздің педагогикалық ұжымның және қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірлескен жұмысының бүкіл жүйесінің жақсы көрсеткіші болып табылады. Біздің тәрбиеленушілер өмірдің әртүрлі салаларында педагогикалық, медициналық, техникалық мамандықтар бойынша өзін-өзі жүзеге асырады және қоғамда табысты әлеуметтенеді.