«ZhasTeam» жастар форумы

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ және «New vision team» ҚҚ «Черноярская Жемчужина» демалыс үйінде «ZhasTeam» жастар форумын ұйымдастырып өткізді. Шараға облыстың белсенді жастары қатысты. Форум қатысушыларын  «New vision team» ҚҚ басшысы Айтбаев Т.Ж құттықтап, болашақты жасайтын жастар екенін және  Қазақстанның қандай болатыны жастарға  байланысты екенін айтты. Сонымен қатар біздің елде  жастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетінін атап айтты – жатақханалар құрылысы жүргізілуде, оқытуға және бизнес-идеяларды қолдауға гранттар бөлінеді, колледждер мен университеттер инфрақұрылымдары жетілдірілуде. Жастар форумының бағдарламасы қызу өтті. Әлбетте, Жастар форумы ойынсыз өтпейді, мысалы, келісімді нығайту үшін қатысушылар арасында «Танысу. Өзін-өзі таныстыру. Команда құры» бойынша ойындар өткізілді.Келесі оқыту блогында қатысушылар 3 бағытқа бөлінді:1.     «Аумақты дамыту және инновациялар: жастар бастамалары». Баяндамашы Александр Гаглоев (табысты кәсіпкер, жаттықтырушы).     2. «Стрессті басқару және төзімділік» психологиялық тренингі. Баяндамашы Рустемова Е.С. (психолог, жаттықтырушы).     3. «Смартфоныңыздың барлық мүмкіндіктері. Мобильді фотосуреттің «лайфхактары» – жаттығу мобилография және SMM. Теория және практика». Баяндамашы Асылбекова А.Н.            Ашық ойындардан кейін барлық форум қатысушылары үзіліс жасап, әсерлермен алмасу үшін тимбилдингке шақырылды. Алда оларды қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтары және спорттық эстафеталардан  іс-шаралар  күтіп тұрды.             Жастар – кез келген мемлекеттің болашағы, елдің қозғаушы күші. Өйткені, дәл осы кезде тұлғаның толыққанды қалыптасуы, әлемде, кәсіпте өзін-өзі іздеу, отбасын құру кезеңдері болады. Өсудің осынау қиын жолында жастарға бағыт-бағдар беретін, бірігуіне, білім алуына мүмкіндік беретін табысты адамдармен өздерін әртүрлі салаларда сынап көретін платформалардың болғаны маңызды.  Жағымды әсерлер үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

You may also like...

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа